Ұялы байланысты қоғамдық маңызы бар қызметтер тізбесіне кіргізу ұсынылды

Елдегі ұялы байланыстың бағасы соңғы 2 жылда 2 есе өсті. Бірақ, жаһанда жағдай басқаша. 1 гигабайтқа тариф бірте-бірте арзандап жатыр. Ал, мобильді қызметсіз бүгінде тірлік бітпейтінін ескерсек, онда қоғамдық маңызына қарай бағасы да реттелуі тиіс. Монополист компанияларды сынаған депутат Максим Рожин сала министріне сауал жолдады.

Максим Рожин, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Елде инфляцияны ескерсек тариф өсіп отыр. Ұялы байланысқа, бәсекелестігіне қатысты 2 монополистің қызметіне қатысты елдің сыны көп. Ұялы байланыс қызметі қоғамдық маңызы бар нарық тізбесіне қашан кіреді?