Зардап шеккен барлық отбасыға бірреттік көмек берілді

Батыс Қазақстан облысында тасқын салдарын жою жұмыстары күні-түні жүргізіліп жатыр. Арнамызға арнайы сұхбат берген аймақ басшысы: «Зардап шеккен әр тұрғын назардан тыс қалмайды, ол Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасы», - деді. 

Өңірде табиғи апаттан зардап шеккен 2100 отбасыға 150 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мүліктік өтемақы тағайындалды. Оның жартысына тиісті қаражат аударылды. Бір жылғы әлеуметтік көмекпен қамтамасыз ету жұмыстары толық аяқталды. 

Нариман Төреғалиев, Батыс Қазақстан облысының әкімі:

- 9671 отбасына қазірдің өзінде мемлекет бөлген 3 млрд 600 млн-ға жуық ақшаны төлеп тастадық. Яғни, 100 айлық есептік көрсеткіш толық жабылды.

Тасқын салдарынан баспанасы жарамсыз деп танылған 79 отбасының өтініші бойынша, бүгінде 567 млн теңгеге 27 үй сатып алынды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады. Зардап шеккен 5 ауданның тұрғындары үшін 401 үй салынады. Мердігерлер анықталып, іске кірісті.