Жансая неге жылады?

Жансая - жас. Жас болса да тағдырдың сынағына мойымай келе жатқан қайсар қыз. Сынаққа мойынсұнбай, үмітін үзбеуінің себебі - жарының демеуі мен жақындарының қолдауы.

Аңсап, армандап жеткен сәтіне біздің жобамыз себепкер болды. Іштегі кішкентай шарананың жүрек қағысын естіген болашақ ата-ананың қуанышында шек жоқ.