Атырауға бір топ қоқиқаз ұшып келді

Атырауға бір топ қызғылт қоқиқаз ұшып келді. Құстар Жайық өзенінің сол жағалауындағы ағынды су құйылатын «Сасықсай» алаңына қонған. Мамандар қызыл кітапқа енген қоқиқаздардың мұнайлы өңірге келуін Каспий теңізіндегі су деңгейінің төмендеуімен байланыстырады. Одан өзге булану алаңында құстар қоректенетін шаянтәрізді жәндіктер де бар дейді. Резерват қызметкерлері жыл құстарының өңірге келуі өте сирек жағдай екенін айтады.