Ауылдарды дамыту жоспары талқыланды

Биыл Қостанай облысында жергілікті маңыздағы 1200 шақырым тас жол жөнделеді. Бүгін осы мәселе өңірдің барлық деңгейдегі әкімдері қатысқан жиында талқыланды. Сондай-ақ, жиналыста халықты сапалы ауыз сумен қамту мәселесі де көтерілді.

Алқалы жиынға аймақтың барлық деңгейдегі әкімдері жиналды. Онда ауыз судан бастап, тұрғындардың тұрымысына қатысты ең өзекті мәселелер көтерілді. Жоспар бойынша биыл облыстағы 15 ауыл орталықтандырылған сумен қамтылады.

Гүлбарам Мұсағазина, Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы:

-Биыл 55 жобаны жүзеге асыруға 12,4 млрд бөлінген. Жыл соңына дейін ауыл тұрғындарының 90%-ы таза сумен қамтамасыз етіледі.

Ауыл тұрғындарының денсаулығы да басты назарда. Биыл Қостанай облысы бойынша шалғайдағы 21 елді мекенге жаңа дәрігерлік амбулатория мен фельдшерлік пункттер салынады. Ал «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында спорт нысандары бой көтеріп, ішкі жолдар жөнделеді.

«Ауыл аймақтың дамып, ілгерлеуіне тауар өндірушілер де үлес қосып келеді. Олар жыл сайын инфрақұрылымды қалпына келтіріп, жөндеу үшін миллиондаған қаржы құяды», - дейді облыс әкімі Құмар Ақсақалов.