Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына 80 күн қалды

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының басталуына 80 күн қалды. Жауапты шараға дайындық қызу. Қазір бар күш жарыс нысандарын әзірлеуге жұмылдырылған. Бүкіл сенаторлар мен Мәжіліс депутаттары дирекция жұмысымен танысты. Әзірге Көшпенділер ойындарына қатысуға 89 ел ниет білдіріп отыр. Тамыз айына дейін тағы 20 жуық ел өтініш беруі мүмкін. 

Айта кетейік, дүбірлі додада 2000 аса спортшы 21 спорт түрінен бақ сынайды.