Ауылдарда 600 медициналық мекеме ашылады

Биыл ауыл-аймақтарда 600-ден астам медициналық мекеме ашылады. Оның 500-і – медициналық пункт, ал қалғаны – дәрігерлік амбулатория. Қазір 100 нысанның  құрылысы аяқталған. Оның көбі Шығыс Қазақстан, Қызылорда және Қарағанды облыстарында. Мұның бәрі Мемлекет басшысының «Ауылдық денсаулық сақтау саласын модернизациялау» жобасының аясында іске асып жатыр. Биылдың өзінде 32 аурухана жөнделеді. Жаңа құрылғылармен толығады. Қазір ауылдарда 800-ден астам маман жетіспейді. Сондықтан биыл елді-мекендегі 1 мыңнан астам медициналық қызметкер арнайы дайындықтан өтпек.