Кибер қауіпсіздік деңгейі артып келеді

Соңғы 7 жылда Қазақстанда интернет алаяқтық көрсеткіші он есе өскен. Биыл азаматтарға кибер қылмыстан келген шығын 11 млрд теңгеден асқан.  Бұл өткен жылдармен салыстырғанда аз. Өйткені, Ішкі істер министрлігінде арнайы қызмет құрылған.

Ғаламтордағы ұрлық ұсыныстан басталады. Қылмыскерлер қарапайым халықтың сеніміне кіру үшін табысты кәсіпорындардың атын жамылады. Сөйтіп, сұраныстағы өнімдерді арзан бағада сатып алуға кеңес береді. Немесе сіздің атыңызға несие рәсімделіп жатыр деген сыңайлы аңыз әңгімелер айтып, кәсіби терминдерді қолданып, жеке мәліметтерді сұрай бастайды. Тіпті, қазір полицейлердің формасын киіп, бейнеқоңырау арқылы хабарласатындар да көбейген.