Егіске Аграрлық несие корпорациясымен бірге

Аграрлық несие корпорациясы диқандарға көктемгі дала жұмыстарын дер кезінде жүргізуге көмектесіп жатыр. Енді қаржы ресурстарын алу шарттары жеңілдеп, қарызды өтеу мерзімі ұзартылды. Бұл мүмкіндікке «Кең дала 2» жаңа бағдарламасының арқасында ие болды. Мәселен, Қостанай облысында 65-тен астам кәсіпкер жаңа шарттарды пайдаланып үлгерген.

«Әбіл» шаруа қожалығында көктемгі егіс науқаны аяқталды. 12 мың гектар алқапқа дән себілді. Қожалық басшысы Асқар Аманов бұл жұмысты атқару үшін Аграрлық Несие Корпорациясына жүгінген. Қажетті 150 миллионды тез әрі еш кідіріссіз алғанын айтады.

Асқар Аманов «Әбіл» ШҚ басшысы: -Біз бірнеше жыл қатарынан біріге жұмыс істеп келеміз. AНК корпорациясы бізге көп көмектесті. Біз тұқым сатамыз. Тұқым алуға олар әдетте наурыз-сәуір айларында келеді, осы уақытқа дейін жанар-жағармай мен тыңайтқыштарды сатып алу үшін айналым қаражаты қажет. Осы компанияға көп рахмет.

Соңғы үш жылда АНК кәсіпкерлерді жалпы сомасы 140 млрд теңгеге қаржыландырды. Бүгінде бұл қаражат жеткіліксіз, сондықтан «Кең дала 2» бағдарламасы аясында жаңа мүмкіндіктер пайда болды.

Марлен Нәбиев, «Агроөнеркәсіптік несие корпорациясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары:

-Биылғы жылы біз 300 миллиард субсидияның сыйақы мөлшерлемелері тікелей АНК түсетін бағдарламаны іске қосып жатырмыз. Сәйкесінше, клиент таза 5%-бен алады. Оған субсидияланған сыйақы мөлшерлемесін және осы субсидияларды уақытылы алу үшін «Қолдау» платформасы арқылы АШБ қосымша өтініш берудің қажеті жоқ. Сондай-ақ, кепілдік мәселесі де шешілген. Фермер тек қаржыландыру сомасынан 15 пайызына өзінің кепілін қояды. Қалған 85 пайызын «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры кепілдендіреді.

Бағдарламаның жаңа бағыты бойынша облыс диқандары 99 өтінім беріп, оның 65-і қаржыландырылды.

Мелс Байболов, «Агронесие Корпорациясы» АҚ Қостанай филиалының директоры: -«Кең дала 2» бағдарламасының аясында Қостанай филиалына 10 млрд теңгеге жуық өтінімдер келіп түсті. Бүгінгі таңда филиал 2 млрд теңгеге өтінімді қаржыландырды.

Айта кету керек, фермерлер қаржыны Аграрлық несие корпорациясының филиалдары, екінші деңгейлі банктер, кредиттік серіктестіктер, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар, өңірлік инвестициялық орталықтар мен микроқаржы ұйымдары арқылы ала алады.