«Қазақстан-Қытай» магистральды газ құбырының бойында ауқымды оқу жаттығу шарасы өтті

Түркістан облысындағы «Қазақстан-Қытай» магистальды газ құбырының бойында ауқымды оқу-жаттығу шарасы өтті. Оған «QazaqGaz» ұлттық компаниясының еншілес ұйымдарының қызметкерлері қатысты. Шұғыл әрекет ету тобы газ құбырының екі тұсынан шыққан ақауды дер кезінде анықтап, қалпына келтірді. Стратегиялық маңызды нысан қызметкерлері осылайша өз шеберліктерін шыңдады.

Магистральды газ құбыры бойында ақау анықталысымен, арнайы жасақ жедел іске кірісті. Шұғыл топ апаттың ауқымын анықтап, оны оқшаулау үшін заманауи техникаларды пайдаланды.

Құрылғылар тосын жағдайды бірден бақылауға алып, құтқарушылардың қызметін тиімді үйлестіруіне мүмкіндік берді.

Алтай Джакубалиев, «Qazaqgaz «ҰҚ» АҚ HSE қызметінің басшысы:

– Апатты жою шарасы қашан да өте күрделі. Қауіп өте жоғары. Бұған көптеген техника мен адам күші жұмылдырылды. Қызыл жалынды ауыздықтау шаралары далада ашық аспан астында өтті. Қажетті дәнекерлеу жұмысы да жүргізілді.