Екібастұзда «Шаңырақ» этно-қалашығы ашылды

Екібастұз қаласындағы «Қайнар» балалар орталығында оқушылардың жазғы демалысына арналған этно-ауыл ашылды. Бұл аумақта балалар демалумен қатар, қазақ елінің тарихы мен мәдениетіне қанығады. Ұйымдастырушылар ерекше жобаны жазғы демалыстың жағымды жаңалығы деп отыр.