Қазақстанда тат басудан қорғайтын қабат жасалды

Қазақстандық ғалымдар металлдарды жемірілуден қорғайтын жаңа әдіс ойлап тапты. Отандық ғылыми-өндірістік орталық ғалымдары гальваникалық қабат технологиясын ұсынып отыр. Ол Алматыдағы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің қабырғасында жұмыс істейді. Зерттеушілердің айтуынша, елімізде бұндай электр-химиялық қорғау әдісіне деген сұраныс артып келеді. Оған себеп, жаңа қабат өндірілген тауардың жарамдылық мерзімін едәуір ұзартады. Мәселен, қазірдің өзінде бірегей қорғаныс өніміне елдегі темір жолға қажет автоматикалық қондырғалар жасауға мамандалған машина құрастыру зауыттарының бірі қызығушылық танытып отыр.

Алина Галиева, ғылыми-өндірістік орталығының жетекшісі:
Бұл өндіріс орны шығаратын тауарларына халықаралық стандарттарға сай жасалған, жемірілуден қорғайтын қабат аса қажет екені белгілі болды. Орталықта, сондай-ақ, қоршаған ортаның түрлі әсерінен қорғайтын қорғаныс қабатты әр тапсырыс берушінің талабы мен қалауына сәйкес жасауға мүмкіндік беретін технология жасауды жоспарлап отырмыз. Оның үстіне, оның сәндік қасиеттері жайлы да ұмытпаймыз. Өкінішке орай, Қазақстанда бұндай бағыттағы мамандар, екіншіден, мамандандырылған өндірістік алаң, орталық, цех пен зауыттар да жоқ.

Айта кетсек, орталықта кәдесыйлар мен зергерлік бұйымдарға арналған да арнайы қабат өнімдері де жасалады. Одан бөлек, түрлі бағыттағы заттарды қорғауға арналған әрі бірнеше мақсатта қолданылатын әмбебап химиялық қорғау бұйымдары әзірленеді.

Алина Галиева, ғылыми-өндірістік орталығының жетекшісі:
– Біз өндірістегі қабат түрлерінің тізбегін көбейтпек ниеттеміз. Бүгінде классикалық, әлемде бар қабат түрлерін өндірудеміз. Олар – металл, мыс, никель, күміс, мырыш, алтын және өзге элементтерден жасалған қорғаныс қабатары. Онымен қатар, силикон – қорытпалы секілді көп кездесе бермейтін түрлерін де жасай аламыз. Оларға тоқталсақ, магниттік болуы да мүмкін әрі ыстықтан қорғайды.