Астана қаласының әкімдігі мүгедектерге қызмет көрсететін 14 инватакси сатып алды

Астана қаласының әкімдігі мүгедектігі бар жандарға қызмет көрсететін жаңа инватаксилер сатып алды. Биыл олардың саны 30-ға артты. Мәселен былтыр 117 болса, қазір қалада барлығы 145 такси қызмет көрсетеді. Мамандар мұнымен шектеліп қалмаймыз, көліктердің санын одан әрі көбейтеміз деп отыр. 

Қала тұрғыны Александр Хоркин 40 жаста. Ол 11 жылдан бері инватакси қызметіне жүгініп келеді. Айтуынша, арбаға таңылған жандардың жүріп-тұруына өте ыңғайлы. 

Александр Хоркин, қала тұрғыны:

- Ауруханаға барарда да осы инватакси қызметіне жүгінеміз. Өте ыңғайлы. Жаңа машиналармен толығып жатқанын көріп, қуанып отырмыз, себебі, көліктердің көбейгені жақсы ғой.

Соңғы екі жылда Елордада инватаксидің саны 2 есеге артқан. Мәселен, 2022 жылы олардың саны 80 жуық болса, қазір 145 жеткен.