«Шетелдегі қазақ балалары» «Тұмар» жүлдесін жеңіп алды

«Jibek Joly» телеарнасының «Шетелдегі қазақ балалары» жобасы «Тұмар» телевизиялық жүлдесіне ие болды. Бірегей бағдарлама «Үздік деректі фильм» номинациясында топ жарды. Жоба авторы Жанар Байсеміз шетелдіктер асырып алған қазақ балаларының тағдыры мен танымын біраз жылдан бері зерттеп келеді.