Экологиялық акция жыл бойы жалғасады

Шымкентте «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жыл соңына дейін жалғасады. Бір ай бұрын бастау алған экологиялық шараға мыңдаған қала тұрғыны қатысып, қаладан 900 тоннадан астам қоқыс шығарған. Жастармен қатар үлкендер жағы да бұл шараға бір кісідей атсалысуда. 

Экологиялық акцияның кезекті шарасы қаланың бес ауданында қатар жүргізілді. Мыңнан астам адам үлес қосты. Белсенді топ «Астана» аллеясы мен «Қасірет» мемориал аумағын тазалап, орталық саябақтағы ағаш түптерін әктеді, орындықтар мен темір қоршаулар сырланды. 

Мария Асқарова, қалалық саяси қуғын-сүргін музейінің директоры:

- Тазалық жұмыстарына бізден 20 шақты адам қатысып жатыр. Одан бөлек Қаратау ауылының әкімшілігінен осы жерде таңнан бері 50 шақты адам жұмыс істеп жатыр.