Елімізде операның даму қарқыны қандай?

ОПЕРА! Тарихы сонау 14 ғасырдан бастау алатын ақсүйек өнер! Содан бері қанша заман өтсе де, бұл жанрдың қаймағы бұзылған жоқ. Бекзат, биік қалпында дамып жатыр...
Біздің елдегі опера қалай дамуда?
Опера әншілеріне қойылар басты талап қандай? Бізде қандай дауыс тапшы? Қандай дауысқа сұраныс басым?
Бекзат өнердің болашақ жұлдыздарын дайындауда Қазақ ұлттық өнер университетінің үлесі қандай?
Біздің елде мемлекет тарапынан осы өнерге қамқорлық, жанашырлық қай деңгейде?

Қазақ операсына арналған «Еркін сұхбат» бағдарламасының қонағы – 23 жасында Абайдың рөлін сомдаған, 25 жасында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атанған, былтыр классикалық өнер саласындағы «Браво» халықаралық кәсіби музыка сыйлығын алған, биыл Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры лауазымына тағайындалған опера әншісі Азамат Жылтыркөзов!