Еліміздің барлық өңірлерінде «Халық заңгері» республикалық акциясы басталды

Бүгін басталған «Халық заңгері» республикалық акция аясында Шымкентте 60 астам құзырлы орган өкілі тегін кеңес берді. Орталық Арбатта өткен шараға жүздеген қала тұрғыны келіп, көкейлерінде жүрген көп сауалға жауап алды. Тіпті сол жерде мәселелері шешілгендері де бар. 

Марат Бабамұратов бүгінгі акцияға арнайы келген азаматтардың бірі. Екі серіктестік қосылып, бірлестік болып жатыр екен. Осыған байланысты құжаттарды рәсімдеу мен қайта тіркеуге қатысты Салық және Әділет басқармасынан өзіне қажетті кеңес алды. 

Марат Бабамұратов, қала тұрғыны:

- Жауапкершілігі сектеулі серіктестігінің екеуін қосқан кездегі білмей жатқанымды сұрап, кеңес алдым. Маған өздері қоңырау соғамыз, анық-қанығын толық айтып береміз деді. Сол мәселемен келіп отырмын. Бүгінгі мына іс-шара халыққа өте тиімді, алға жылжуына, білмей жатқан жерлерін сұрап алуға. Осындай шаралар ұйымдастырылып тұрса, жақсы.

Ел бойынша ұйымдастырылып жатқан «Халық заңгері» республикалық акциясындағы барлық консультациялар тегін берілді.