Ғалымдардың жалақысы екі есе көбейген

Соңғы жылдары елімізде жас ғалымдарды қолдауға, кадрлық әлеуетті арттыруға ерекше ден қойыла бастады. Бұл – тоқсаныншы жылдары тоқырап, назардан тыс қалған қазақ ғылымының еңсе тіктеуіне, ілгері басуына жол ашпақ. Қазір ғалымдардың жалақысы екі есе көбейген. Алдағы жылдары институттар толықтай заманауи құрылғылармен жабдықталады. Сондай-ақ, елде 2,5 мың жаңа ғылыми жоба мен 100-ден астам тың бағдарлама іске асады.

Мәрзия Пазыловна, профессор, «Гранттық қаржыландыру» жобасының жетекшісі

– Мемлекет басшысының тапсырмасымен Ұлттық ғылым академиясы мемлекеттік мәртебеге ие болды. Президент жанынан Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңес құрылды.