Иранның еліміздегі елшісі Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындығын паш етті

V Дүниежүзілік көшпенділер ойыны биыл 8 қыркүйекте басталады. Астанада болатын байрақты бәсеке 13 қыркүйекке дейін жалғаспақ. Шара жаһан жұртын қызықтырып тұр. 

Естеріңізге сала кетейік, бұл ойын 10 жыл бұрын басталған. 2 жылда бір келетін дүбірлі дода 3 рет Қырғызстанда өтті, кейін Түркияда ұйымдастырылды.

Көшпенді халықтардың басын қосатын дода Қазақстанда алғаш рет өткелі тұр. Бұл шара ұлттық өркениет пен мұраны сақтауға және тірілтуге бағытталған. Сайысқа 80 астам ел қатысады. Байрақты бәсекеге бақ сынағысы келетіндер қатарында Еуроодаққа кіретін 13 мемлекет бар. Әсіресе Иран Ислам Республикасы ойын күнін асыға күтіп жүр. Өйткені, атқа міну, садақ ату Иранның тарихи құндылықтарының бірі.