Қайта жанған үміт

Фариданың төртінші рет жасатқан эмбрион тасымалы сәтсіз аяқталды. Жобамыздың кейіпкері Мадина оның мұңын, күйінішін бір адамдай түсінеді. Мадинада да 5 рет осындай жайсыз жағдай болған еді. Ол да жылады, қиналды. Бірақ үмітін еш үзбеді. Арманына жететін күн де алыс емес. Келіншектер осындай сәттерде бір-бірін демеп, қолдау білдіруде.

Бала - бауыр етің. Жалғызынан айырылған Фариданың жан жарасы әлі жазылған жоқ. Жазылмайды да. Тек уақыт - емші. Еңсесін қайта көтеріп, жобаға қатысу туралы жазған Фариданың хатын оқыған дәрігерлер оның тағдырына бей-жай қарай алмады. Бірден пациенттер қатарына қабылдады. Бұл жоба Фаридаға қайта үміт берді. Ол сол үміттің жолында әрекет етіп келе жатқан қайсар жан.