Қазақстан тау-кен саласына АҚШ пен Канададан инвестиция тартуға ниетті

Қазақстан тау-кен саласына АҚШ пен Канададан инвестиция тартуға ниетті

Қазақстан тау-кен саласында америкалық және канадалық компаниялармен әріптестік аясын кеңейтуге мүдделі. Еліміздің Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, бұл ниетті іске асыру үшін қазақстандық делегация келер аптада осы мемлекеттерге жұмыс сапарымен барады. Онда біздің тарап Қазақстанның жер қойнауын игеру мен геологиялық барлау жұмыстарына инвестиция тарту  үшін ірі америкалық компания өкілдерімен бірқатар келіссөз жүргізуді көздеп отыр.

Айбек Смадияров, ҚР СІМ ресми өкілі:

-Қазақстандық делегация Торонто қаласында өтетін «PDAC-2024» көрмесінде Қазақстанның ұлттық павильонының ресми ашылу рәсіміне қатысады. Сондай-ақ Канададағы тау-кен компанияларының өкілдерімен байланыс орнату үшін Қазақстан-Канада іскерлік кеңесінің отырысына қатысады.