Жаңа конгресс орталығы ашылды

Шымкенттің «Республикалық маңызға ие» қала мәртебесін алғанына 6 жыл уақыт болды. Осы уақыт ішінде мегаполистің өнеркәсіптік әлеуеті артып, халық саны 1 300 000 жетті. Қазір қала аумағын көркейтуге байланысты біршама ірі жоба жүзеге асырылуда. Қараусыз қалған 10 демалыс орны жаңаша кейіпке еніп, қайта қалпына келтіріліп жатыр.

Халық арасында бір реттік өмірді Шымкентте сүру керек деген сөз бар. Бұрын шаһар қолайлы ауа райымен қызықтыратын, қазір өмір сүру сапасының жақсы болуымен көптің көңілін баурап тұр. Ал, қала күніне орай заманауи конгресс орталық қолданысқа берілді. Мерекелік шара да осы кешенде өтті. Қала әкімі тұрғындарды құттықтап, құрметті азаматтарды марапаттады.