Қазақстанда соңғы тәулікте 800-ден астам адам коронавирус жұқтырды
![Қазақстанда соңғы тәулікте 800-ден астам адам коронавирус жұқтырды](https://jibekjoly.tv/storage/images/media/k2/items/cache/a468be23f3e59ea552713c9a31194b69_XL.jpg)
Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус жұқтырудың 820 жаңа жағдайы тіркелді. Науқастардың басым бөлігі – 280 адам – Алматы қаласында тіркелсе, елордада - 180, Шымкент қаласында 87 тұрғыннан инфекция анықталған. Ел Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сәйкес, пандемия басталғалы елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 1 млн 311 мыңнан асты. Қазіргі уақытта 3700 адам ковид инфекциясынан емделуде, оның ішінде 433 пациент стационарда ем қабылдауда. Сондай-ақ, Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакциналау науқаны жалғасуда. Соңғы мәліметтерге сәйкес, 9 миллион 316 мыңнан аса қазақстандық толық иммундаудан өткен. Ал 4 миллион 875 мыңнан көп тұрғын ревакциналанған.