Ордабасы алаңында ту көтеру рәсімі өтті
Шымкенттік 100 шақты жас бір мезетте көк байрағымызды желбіретіп, қала көшелерімен шерулетті. Ордабасы алаңында басталған патриоттық шара Тәуелсіздік саябағына дейін жалғасты. Қаладағы ең үлкен ту салтанатты түрде көтеріліп, әнұран шырқалды.