Шымкентте Орталық Азия өңіріндегі үлкен мешіттердің бірі ашылды

Шымкентте бір мезетте 12 мың адам сыятын жаңа мешіт ашылды. Сейітжан қари Есжанұлы атындағы мінәжат үйінде бүгін алғашқы жұма намазы оқылды. 

Зәулім ғимарат қаланың көркін кіргізіп қана қоймай, туризмнің бойтұмарына да айналмақ. 

Жаңа мешіт Шымкент қаласының жаңа әкімшілік орталығынан ашылды. Мәрмәр тастармен көмкерілген мешіт рухани мекенге айналмақ.

Айта кетейік, Сейітжан Құртаев математика пәнінің мұғалімі, соғыс ардагері. Ташкенттегі Орта Азия университетінің елімізден шыққан алғашқы түлектерінің бірі. Бар ғұмырын ұстаздыққа арнаған.