Тәулік бойы жұмыс істейтін үшінші кітапхана ашылды

Алматыда тәулік бойы жұмыс істейтін кітапханалардың саны артып келеді. Енді мегаполистің Абай даңғылында орналасқан қалалық кітапхана 24 сағат жұмыс істейтін болды. Бұл бастаманы бір жыл бұрын, маусым айында өткен Ұлттық құрылтайдың екінші отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көтерген.

Жаңа жұмыс форматы енгізілген соң келушілер саны да артқан. Тек қалалық кітапханаларға жыл сайын кем дегенде үш миллион оқырман келіп-кетеді екен. Бүгінде Шаhарда 28 қалалық кітапхана жұмыс істейді. Олардың 95%-ы жаңғыртудан өткен. Кітапханашылар қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында алғаш рет Оңтүстік Корея, Германия және Швейцариядағы үздік кітапханаларда тағылымдамадан өтіп келді.