Зейнеткерлер жұмыспен қамтылады

Алматыда зейнеткерлерді жұмыспен қамтуға арналған «Алтын жас» бағдарламасы іске қосылды. Қазірдің өзінде 100-ге тарта адам өтініш беріпті. Бағдарлама шарты бойынша жұмыс берушілер зейнеткерлерге белгіленген жалақының 50 пайызын төлеуге міндеттеледі. Ал, қалған соммасы жергілікті бюджеттен субсидияланады.