Жасанды интеллект Қазақстанды қалай өзгертеді?

Қазір ғылыми-технологиялық прогрестің жаңа дәуірі басталды. Бұл - жасанды интеллект дәуірі.

Мемлекет басшысы жасанды интеллектінің мүмкіндіктері еліміздің қарқынды дамуына зор үлес қосатынын айтып, жаңа технологияны барынша қолдауға тапсырма берді. Президент тапсырмасына сәйкес қандай жұмыстар қолға алынды? Жасанды интеллект саласын дамытуға біздің ғалымдардың потенциалы жете ме? Жастардың мүмкіндігі қандай? Бұл саланың дамуымен қатар киберқылмыстардың көбейіп кету қаупі бар. Бұл проблемадан сақтанудың жолы қандай?
Жаңа дәуірдің жаңалықтары жайында мехатроник, робототехник, Ақылды жүйелер мен жасанды интеллект институтының постдокторанты Азамат Ешмұхаметов айтып берді.