Ғылымда адалдық керек пе?

Ол – мемлекеттік сыйлық алған ең жас ғалым, Фрерран Суньер-и-Балагер халықаралық сыйлығын иеленген Азия құрлығындағы ең алғашқы математик, Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, PhD доктор.

Ол – Моңғолиядан атажұртқа оралып, «Болашақ» бағдарламасымен Лондонда, Нью-Йоркте білім алып, ғылыми қызметкер болып жұмыс істеген қазақ.

Оның ойынша, ғылымның бәсі биік болмаса – бәрі бекер және ғалымның басты қағидасы – адалдық. Сондай-ақ, ол «алған білімнің де, атақтың да жауапкершілігімен қатар қайтарымы бар» дейді. Ол іргелі ғылымның маңызын ілгері қояды, бірақ экономикаға қолданбалы ғылымның үлесі көбірек екенін айтады.
«Еркін сұхбат» бағдарламасының осы аптадағы қонағы – ұлттық ғылымның дамуына үлес қосып жүрген ғалым-математик Дөрбетхан Сұраған.