Әлемде коронавируспен ауыратындардың саны тағы өсті – ДДСҰ
![Әлемде коронавируспен ауыратындардың саны тағы өсті – ДДСҰ](https://jibekjoly.tv/storage/images/media/k2/items/cache/8f92cfe7f564ea66672a5655030ea39c_XL.jpg)
Әлемде соңғы апталарда COVID-19 жұқтырғандар санының өсімі байқалады. Бұл туралы ДДСҰ-ның бас директоры мәлімдеді. Тедрос Адханом Гебрейесустың айтуынша, ерекше өсім Азияда байқалады. «Бұл ең алдымен, коронавирусқа қарсы шектеу шаралары жойылған аймақтарда орын алып отыр. Мұндай көрсеткіш күтілген болатын», – дейді ДДСҰ басшысы. Бұған дейін ол әлемдік пандемияның әлі аяқталмағанын және вирус дами беретінін ескерткен болатын.