«Әйелдер құқығы мен балалар қауіпсіздігі туралы» заң күшіне енді

16 маусымнан бастап «Әйелдер құқықтары мен балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы» заң күшіне енді. Енді әйелдер мен балаларға қатысты кез келген сипаттағы зорлық-зомбылық үшін жауапкершілік қатаң болмақ. 

Қазір Алматыдағы дағдарыс орталығында зорлық-зомбылық көрген 20-ға тарта әйел мен отыз шақты бала күн кешіп жатыр. Дені күйеулерінен зәбір көргендер. Ал былтыр орталық қызметіне 2 мың әйел жүгінген.

Елімізде қазір зорлық-зомбылыққа тап болған әйелдерге қолдау көрсететін 40 дағдарыс орталығы бар. Бұл мекемелерге жылына 8 мыңнан астам әйел жан сауғалап келеді. Оларға психологтармен қоса заңгерлер де қол ұшын созады. Қызметтің бәрі тегін.

Гүлшара Сапарова, заңгер:

– Бүгінде әйелдердің құқықтық сауаттылығы төмен болғандықтан бізде судебный кабинет деген сияқты сайттар бар, әр мекеменің электронды түрде арыз беретін сайттары, порталдары бар. Сол арқылы әйелдерге көмек көрсетіп, керек жерге өтініш хаттарын жазып, құжаттарын түгендеп. Ажырасу процесімен біз көмектесеміз.