Аймақта алты мектеп салынады

Ұлытау облысында екі жылда 3600 оқушыға арналған алты мектеп салынды. Оның біреуі биыл күзде ашылады. Көзделген межеге үлгеру үшін жобаға жауапты «Самұрық Қазына» констракшн акционерлік қоғамның басшылығы құрылыс алаңына жұмылдырылған 90 жұмысшыны 200-ге жеткізіп, жұмыс қарқынын күшейтпек.