Биыл отандық демалыс орындарына 800 мың адам барған

Елімізде ішкі туризм қарқын алды. Биыл 800 мыңға жуық адам отандық демалыс орындарына барған. Бұл былтырмен салыстырғанда 63 мыңға артық. Әсіресе Алматы тауларындағы шипажайларға баратындар көп. Биыл 550 мың қазақстандық Шымбұлаққа көтерілген. Бурабай аймағында да адам аяғы үзілмейді. Щучье, Көкшетау курорттарында 69 мың отандасымыз тынығыпты. Ал үшінші орында Маңғыстау. Каспий теңізін, Бозжыра шатқалын, Шерқала, Бекет ата мекенін көру үшін өңірге биыл 57 мың адам арнайы барған. Түркістан және Алтай өңірлеріне де саяхаттайтындар аз емес. Аталған аймақтарға 20 мыңнан астам отандасымыз қыдырып барған.