Енді елде тек үш кассациялық сот болады

Елде дербес кассациялық соттар құрылады. Олар Астанада орналасады. Қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істерді қарайтын жеке үш орган болады. Бүгін Парламенттің бірлескен отырысында сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы заң жобасы қабылданды. Құжат екінші оқылымға қалған. Себебі, депутаттар біраз өзгеріс енгізуге келіскен.

Сөйтіп, бірлескен комиссияның қарауына жүзден аса түзету ұсынылып, 60-ы қабылданды.