Қазақстанда генерал Сағадат Нұрмағамбетовқа ескерткіш орнатылады

Қазақстанда генерал Сағадат Нұрмағамбетовқа ескерткіш орнатылады

Қазақстанда бірден екі халық Қаһарманы – Сағадат Нұрмағамбетов пен Рахымжан Қошқарбаевтың 100 жылдың мерейтойын ауқымды түрде атап өту жоспарланған. Атап айтсақ, еліміздің Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, Кеңес Одағының батыры – Сағадат Нұрмағамбетовке Ақкөл елді-мекенінде ескерткіш орнатылады. Одан бөлек, аты аңызға айналған генералдың өмірі мен қызметі жайында деректі-биографиялық фильм жарыққа шығады. Ал, маусым айында Алматыда Халықаралық «Айбын» әскери-патриоттық жиын болады. Онда Ұжымдық қауіпсіздік туралы Шарт Ұйымына мүше елдер мен қатар Әзербайжан және Өзбекстан командалары да қатысады. Сонымен қатар жыл бойы «Ер есімі ел есінде» жылжымалы көрмесі өтеді. Мерейтойлық шаралар 17 қаңтарда басталады. Сондай-ақ Рахымжан Қошқарбаевтың 100 жылдық мерейтойына арналған ауқымды акциялар мен челленджер өткізу жоспарлануда.