АЭС салу мәселесі референдумда шешіледі

Атом электр станциясы салына ма, жоқ па? Мұны халық шешеді. Осыған қатысты референдум осы күзде өтеді. Жалпы, экономиканы дамыту үшін, тұрақты энергия көзі керек. Сондықтан, Президент энергетикалық нысан мәселесін пысықтау туралы нақты тапсырма бергенін айтты. Қазір жан-жақты талқылау болып жатыр. Пікір сан алуан.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Шын мәнінде, елімізде атом энергетикасын дамытуға зор мүмкіндік бар. Оны дұрыс, яғни тиімді пайдаланған жөн. Осы мәселеге қатысты соңғы шешімді халық қабылдайды. Референдум биыл күзде өтеді. Үкімет нақты датаны айқындайды.