Қарағанды облысындағы «KamaTyresKz» дөңгелек зауытына пресс-тур ұйымдастырылды

Қарағанды облысындағы Саран қаласының индустриалды аймағында «Аttar» брендімен алғашқы отандық шиналар шығарылып жатыр. Құны 229 миллиард теңге болатын жобаның 140 миллиарды тікелей шетелден тартылған инвестиция.  

Бірегей толық циклді шина зауытының құрылысы 2021 жылы басталып, белгіленген мерзімнен бұрын іске қосылған. Зауыт жылына автобустарға арналған 3 миллион, сондай-ақ жүк көліктері үшін 500 мың дөңгелек шығарады.

Бұл зауыттағы тарихи сәт. Мұнда бір ауысымда жүздеген дөңгелек шығарылады. Өнім өзінің түпкілікті қалпына келгенге дейін бірнеше процесстерден өтеді. Шикізаттар дайындалып, дөңгелектерді құрастыру өте күрделі үдеріс.

Радий Бурканов «Kamatyreskz» зауытының директоры:
- Мұндай алпауыт өнеркәсіп Қазақстан Республикасында санаулы ғана. Өндіріс толық заманауи еуропалық технологиямен қамтылған. Бұл бірегей зауыт, оны бүгінде отандық өнеркәсіптің жетістігі деп айта аламыз.