Гүлжамал Тагенова: Көрме – суретшінің жетістігі

Гүлжамал Тагенованың картиналарында сұлулықтың сырын ашатын айшықты реңктер нұр болып төгіліп тұрғандай. Ол не салса да жарқыратып береді, оның туындыларынан көңілді жабырқатар дүниені мүлдем көрмейсіз. Құдды күні күлімдеп жылулық шашып тұрған көктем мен жазы ғана бар басқа ғаламшардан келгендей, ал бетіндегі сан алуан түстер түрленіп, жан тыныштығын паш етіп тұрғандай әсер береді. Туған топыраққа оралып, сол жақта қалған бақытты балалалық шақты, есте қалған жастықты санаңызда жаңғыртқыңыз келсе оның туындыларына үңілгеніңіз жөн болады.