«Қуатты өңірлік ғылым - қуатты өңір»

Жергілікті жерлерде ғылымды дамыту қорларын құрып, оның нақты сектормен байланысын нығайту керек. Бүгін Таразда Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының президиумының көшпелі отырысында бас қосқан отандық ғалымдар осы мәселені шешуге бағытталған бірқатар нақты шараларды талқылады.