Мемлекет басшысы Корея Президентін елорда әуежайынан шығарып салды

Корея Республикасының Президентінің Қазақстанға мемлекеттік сапары аяқталды. Қасым-Жомарт Тоқаев Юн Сок Ёльге құрмет көрсетіп, елорда әуежайынан мейманды өзі шығарып салды.

Бұл сапар тараптарға табысты болды: Екі жақ энергетика, сирек кездесетін металдарын игеру және қайта өңдеу, инфрақұрылым, машина жасау, қосалқы бөлшектер шығару, су ресурстарын тиімді пайдалану, қаржы салаларын бірге өркендетуге уағдаласты. 

Екі күндік сапар нәтижесінде Ақордада 11 құжатқа қол қойылса, қазақ-корея бизнес форумында құны 400 млн доллар болатын 23 келісім бекіді.