Осы жексенбі – медицина қызметкерлерінің күні

 «Ұлттың саулығы жақсы болса ғана қоғам орнықты дамиды». Мемлекет басшысы жолдауында денсаулық сақтау саласының салмағын осылай саралаған. Ал, бұл абыройлы міндет ең алдымен ақ халаттылардың мойнында. Елде 280 мыңға жуық медицина қызметкері бар. Жыл сайын 8 мыңнан аса жас маман оқуын тәмамдайды. Бірақ, тапшылық әлі де бар. Астана қаласы мен Алматы, Ақмола, Қостанай облыстарында кадр жетіспейді. Соған қарамастан жалпы өлім-жітім 9%-ға азайған. Ана мен бала өлімі мен қан айналымы аурулары және қатерлі ісіктен көз жұму дерегі де төмендеген. Өмір сүру ұзақтығы 75 жасқа жетті. Тұтастай алғанда медицина саласын қаржыландыру да артқан. Былтыр 4,7 трлн теңге бөлінді. Бұл ішкі жалпы өнімнің 4%-ына тең. Үлес бойынша 67% мемлекеттің, 33% жеке меншіктің қаражаты. 

Сондай-ақ, 2029 жылға дейін ішкі нарықта отандық дәрі-дәрмек өндірісінің үлесін 50%-ға жеткізу көзделген.