Өзбекстанда алғаш рет «Лязги» халықаралық би фестивалі өтіп жатыр
![Өзбекстанда алғаш рет «Лязги» халықаралық би фестивалі өтіп жатыр](https://jibekjoly.tv/storage/images/media/k2/items/cache/2b84f8021f7308aa36f75acde17e326b_XL.jpg)
Өзбекстанда алғаш рет «Лязги» халықаралық би фестивалі өтіп жатыр. Айта кетейік, бұл да ЮНЕСКО тізіміне енген мәдени мұра. Бауырлас елдің бірде-бір мерекесі лязги биінсіз өтпейді. Оның жарқын стилі бүкіл әлемге танымал. Байқауға әлемнің 30 елінен хореография өнерінің шеберлері мен әуесқойлары, өнертанушылар мен мәдениет қайраткерлері қатысуда. 170-ке жуық өнерпаз бас жүлдені сарапқа салады. Еліміздің атынан «Ақ кербез» би тобы өнер көрсетеді.
Аида Смағұлова, Жамбыл облыстық филармониясының көркемдік жетекшісі:
– Әрине, бұл ең бірінші біздің ұлттық құндылығымыз. Дәстүрімізді дәріптеу болып саналады. Бұл фестивальға төрт биді алып келдік. Бұл әр мемлекеттердің бір-біріне деген достығы, осы өнер арқылы қатынасы.