Референдум күні 10 мың сайлау учаскесі жұмыс істейді

АЭС салу жөнінде референдумында 10 мың сайлау учаскесі жұмыс істейді. Бұл жүйеге 85 мың адам тартылады. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы - Нұрлан Әбдіров осылай деді. Саяси шараны өткізуге қаржы Үкімет резервінен қарастырылған. Бірақ, оның сомасы аталмады. Президент референдумның күзде өтетінін және оның нақты датасын Үкімет шешетінін айтқан еді. Бүгін бірінші Вице-премьер өткізу күні әлі белгісіз екенін жеткізді.