Сән әлеміндегі ұлттық нақыш | Қазақ бренді
![Сән әлеміндегі ұлттық нақыш | Қазақ бренді](https://jibekjoly.tv/storage/images/WhatsApp-Image-2023-08-29-at-16.14.03-a4BMDsmkM0.png)
Халқымыздың ғасырлар талғамынан өткен асыл қазынасы – ою-өрнектер.
Ежелден қолөнерді қастерлей білген халқымыздан мұра болып келе жатқан әшекей - бұйым, шапан мен түрлі киім үлгілері де жетерлік. Ұмыт қалған ұлттық киім-кешектеріміз, араға жылдар салып қайтадан трендке оралды. Оған қоса, қазақша нақыштағы бұйымдар мен киімдер жастардың сүйіп киетін күнделікті образдарына айналған.