«Тоғысқан тағдырлар» телехикаясының сценарий авторы – Ғали Мырзашев

Ғали Мырзашев – кескіндемеші, мультипликатор, кино режиссері. Ол көптеген халықаралық көрмелердің лауреаты атанған. Суретшінің Нью-Йорктің «Челси» галлериясында ашылған «Сезімдер тайталасы» атты көрмесі мұхиттың арғы жағындағы жаңалықтарың бірі болды. Американың өнертанушылары қылқалам иесінің «Мутация белгісі» деген жұмысына ерекше қайран қалған. Оның «Өнер – адамды емдемейді, болашаққа жол сілтейді» немесе «Суретші дәрі емес – дерт» деген тұжырымы жұртшылықты елең еткізді. Ауыл, ана әке образы – Ғали Мырзашевтің алтын коллекциясы. Ол кітап көркемдеумен айналысып, ең алғаш Қазақстанда шыққан «Тоғысқан тағдырлар» телехикаясының сценарий авторы болды, деректі фильмдер жасады.