Дүниежүзілік банк Қазақстанға денсаулық сақтау саласын дамыту үшін 46 млн доллар қаржы бөлді
![Дүниежүзілік банк Қазақстанға денсаулық сақтау саласын дамыту үшін 46 млн доллар қаржы бөлді](https://jibekjoly.tv/storage/images/202402202119-HpXVlXgo30.jpeg)
Қазақстан денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру үшін 46 млн доллар қайтарымсыз қаражат алды. Оны Дүниежүзілік банктың пандемиямен күрес қоры елдің денсаулық сақтау министрлігіне аударды.
Ведомство мәліметінше, ДДҰ-ның Еуропалық өңірінің бөлген гранты 19 млн, ал, мультиелдік грант 27 млн долларды құрады. Оларды 3 жыл ішінде игеру керек. Қор қаражаты елдің денсаулық сақтау жүйесіндегі эпидемиологиялық қадағалау, шекаралық бақылау, зертханалық қауіпсіздік, сырқаттарды ерте анықтау және ден қою, сондай-ақ медициналық қызметкерлерді оқыту сынды бірқатар мәселелерді шешуге бағытталатын болады. Мемлекетімізде бұл гранттың жұмсалуын Қазақстандағы ДДҰ мемлекеттік кеңсесі бақылайды.
Сонымен қатар, Денсаулық сақтау министрлігіне техникалық қолдау көрсетеді.