Тасқыннан зардап шеккен отбасылардың балалары экскурсияға аттанды

Солтүстік Қазақстан облысында тасқыннан зардап шеккен отбасылардың балалары тарихи-танымдық экскурсияға аттанды. Олар 12 күн ішінде Астана, Бурабай, Алматы,Тараз, Түркістан және Байқоңыр қалаларына барып, тарихы терең мәдени орындарды аралайды. Алғашқы турға Қызылжар ауданынының оқушылары барады.

Жүздері бал-бұл жанған балалардың қуанышында шек жоқ. Олар облыс орталығына ата-аналарымен келіп, тиісті құжаттарын рәсімдеп жатыр. Артынша алыс сапарға аттанады. Осылайша, оқушылар жазғы демалысын тиімді және қызықты өткізеді. Әрі тынығып қайтады.
Бауыржан Риза, оқушы:

- Осы жылы мен «Балдаурен» лагеріне барғанмын, бір айға. Әрбір облыстан он баладан алынды. Оның арасында менде болдым. Мен экскурсияға жаңа достар табу үшін бара жатырмын, жаңа эмоция алу үшін.