Теміржолдың қазіргі ахуалы сын көтермейді

«Қазақстан» теміржолы компанияның қарызы 3 трлн теңгеге жеткенін күні кешегі жаңалықтарымызда айттық. Мемлекеттен алған миллиардтардың қайда кеткені белгісіз. Инфрақұрылым әбден ескірген. Теміржол желілері, локомотивтер мен вагондардың тоз-тозы шығып әлі тұр. Пойыздар кестеден үнемі кешігіп келеді. Себебі барлық табысы жоғары қызметтерді жекеменшік компанияларға беріп қойған. Ал өздері қайтадан мемлекетке алақан жайып отыр. Компанияны құрдымнан құтқарудың жалғыз жолы – тарифті көтеру, – ҚТЖ төрағасының міндетін атқарушы Қанат Алмағамбетов.