Түркі әлемінің музыка мәдениетін біріктіретін «Ün Music Week» платформасы іске қосылды

Алматыда «Ün Music Week» халықаралық музыкалық шоу-фестивалі өтіп жатыр. Іс-шараға Шанхай Ынтымақтастық ұйымына мүше тоғыз елдің орындаушылары мен он екі елден келген шетелдік музыка мамандары қатысуда. Франция, Марокко, Эстония, Италия сынды елдердің жетекші музыканттары да өнер көрсетеді. Сондай-ақ бірқатар ынтымақтастық жөніндегі келісімдерге қол қойылады. Фестиваль Қазақстанның Ұйымға төрағалық аясында ұйымдастырылған. Ол халықтар арасындағы достықты нығайтуға бағытталып отыр. Шоу-фестиваль төрт күнге дейін созылады. 

Кәсіби музыкалық фестиваль Орталық Азия кеңістігінде алғаш рет өтуде. Ерекшелігі сол, орындаушылар халықтарының дәстүрлі өнерін заманауи аспапта электронды интерпретациямен ұсынады.