Аймақта 775 үй салынып жатыр

Батыс Қазақстанда тасқыннан зардап шеккендерге 775 баспана салынып жатыр. Оның 401-і ауылдық жерде бой көтерсе, қалада 374 үйдің қазығы қағылған. Премьер-Министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев Сырым, Қаратөбе, Теректі аудандарына барып, тұрғын үйлердің құрылысымен танысты. Мердігерлерге нақты міндеттер жүктеді. Су тасқынынан зардап шеккен тұрғындардың күн суымай, жаңа қонысқа көшуін қадап тапсырды

Подстепное ауылында 8 мердігер 106 үй салып жатыр. Зардап шеккен отбасыларға бір реттік әлеуметтік көмек беріліп, мүліктік шығын өтелген. Бүлінген баспаналарды жөндеуге қажет қаражат аударылған. Қазір құрылыс кестеге сай жүруде. Тапсырыс орындаушылар бірер күнде барлық үйдің қабырғасын қалап бітіреміз деп отыр. Қанат Бозымбаев ширақ қимылдауды шегелеп тапсырды. Ал, Оралда 374 үй салынып жатыр. Зачаган, Деркөл кенттері мен Жұлдыз шағын ауданында құрылыс қарқынды.